Тоқаев биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі заңға қол қойды

Сурет: gov.kz
2024 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген 30 желтоқсандағы Ақорда хабарламасында.

Заң жобасы 2024 жылы 17 желтоқсанда Сенатта қаралды.

Құжат ережелері биржа саудасы саласындағы заңнаманы жетілдіруге және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Заңда инвесторлардың құқығын қорғау, тауар биржасына мемлекеттік бақылауды кеңейту және инвесторлар тізілімін жасақтау жөніндегі өзгерістер қамтылған.


"Биржалық сауда және инвестиция жөніндегі заңға сәйкес бірқатар нақты шаралар қарастырылған. Олардың қатарында биржалық саудаға қатысушылардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту және тауар биржаларын шағын кәсіпкерлік субъектілері қатарынан алып тастау сияқты қадамдар бар. Инвесторлардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету шаралары да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, ел аумағындағы инвестициялық қызмет туралы деректерді пайдалану үшін арнайы инвесторлар тізілімі жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тексеру жүргізу туралы шешімдері прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін ғана қабылданады",  деген еді сол кезде Сенат спикері.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты