"СҚ-Фармацияның" баға жағынан бәсекелестікті қолдауға мүдделі болмау қаупі бар - БҚДА

Сурет: gov.kz
Дәрі-дәрмектерді көтерме саудалау нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау барысында препараттар бағасының айтарлықтай өсуіне ықпал ететін мәселелер анықталды. Бұл туралы ақпаратпен ҚР Бәсекелестік қорғау және дамыту агентігінің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік емдік құралдардың бағасының негізсіз көтерілуіне себеп болып отырған факторлар ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің кемшіліктерін және оның қарамағындағы ұйымдардың жұмысындағы олқылықтарды атап өтеді.

"Мәселен, қолданыстағы бағалық шектеулерді қалыптастыру әдістемесі, көшірмеленген дәрі-дәрмектердің бағасын жасанды түрде көтеруге мүмкіндік береді, ал халықаралық тәжірибеде осындай дәрі-дәрмектер 30%-дан астам төмен бағамен сатылады", делінген агенттік талдауында.

Сондай-ақ "Ұлттық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сараптамасы орталығы" ШЖҚ РМК қызметіндегі маңызды кемшіліктер байқалуда, өйткені ол көрші елдердегі дәрі-дәрмек бағаларын үстірт салыстырып, тек өтініш берушілердің берген мәліметтерімен шектелетіні де айтылады.

Дәрі-дәрмектерді жеткізу рәсімдерінің шикілігі және "СҚ-Фармация" ЖШС өндірушілерден тікелей дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша жеткіліксіз бағытталуы да бюджеттік қаражаттардың ұлғаюына алып келуде. 

"Сонымен қатар, "СҚ-Фармация" ЖШС баға бәсекелестігін қолдауға мүдделі болмауының қаупі бар, себебі оның пайдасы сатып алынған дәрі-дәрмектердің құнынан 5%-дан 7%-ға дейінгі үстеме ақы арқылы қалыптасады. Бұл дегеніміз, дәрі-дәрмектің бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым Біріңғай дистрибьютор көбірек пайда табады. Аталған тәуекелдерді алдын алу үшін агенттік Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне ықпал ететін себептерді жою бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ұсынымдар берді. 2024 жылғы 25 желтоқсанда жауапты орган дәрі-дәрмектердің бағаларын қалыптастыру және үстемелер бойынша ережелерге өзгерістер енгізді. Бұл ретте бағаларды реттеу әдісінде өзгерістер жасалды". БҚДА баспасөз қызметі

Бағаларды салыстыру үшін баламалы ақпарат көздерін енгізу, генерикалық препараттардың бағасын түпнұсқа дәрі-дәрмек бағасынан 30%-ға төмендету, дәрі-дәрмектің құнына енгізілетін қосымша шығындарды азайту және үстемелерді қайта қарастыру көзделді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Өздігінен қоқыс тастағаны үшін шенеуніктерге 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

"Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады": Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді

Қазақстан картопты үшінші елдерге тасуға тыйым салды

21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды