Ақпанда жанар-жағармай бағасы шамамен қаншаға қымбаттайтыны белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылғы 29 қаңтарда ведомствода өткен брифинг барысында Қазақстанда жанаржағармай бағасы өссе, оның бір литр құны қанша болатынын шамалап айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, жағдайды нарықтың өзі реттейді деп күтіледі.

"Мемлекет мұнай өнімдері бағасының қатты өсуіне жол бермеу мақсатында шектеу шараларын қолданатын болады. Бұл ырықтандыру процесін білдіреді. Мемлекеттің барлық қажетті тетіктері бар. Өздеріңіз білетіндей, монополияға қарсы агенттік белгілі бір сауда желісі жоғары монополиялық кіріс ала бастаса, тергеуді бастауы мүмкін", – деп сөзін толықтырды ол.

Министр өз болжамдары бойынша алғашқы өсім 5 теңгеден аспауы керек екенін айтты.

"Біз нарыққа қатысушыларды осы индикаторға бағыттаймыз. Әрі қарай, баға тым күрт өсіп жатқанын байқасақ, әрбір жағдайда шұғыл әрекет жасайтын боламыз", - деді министр.

2025 жылғы 27 қаңтарда Энергетика министрі Қазақстандағы бензин мен дизель отынының бағасынан мемлекеттік реттеуді алып тастайтын бұйрыққа қол қойды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды