Азамат Әмрин ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Азамат Әмрин 21 ақпанда ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Азамат Кеменгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасының ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды", делінген Үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.

1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастаған.

1997 жылдан 2008 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Салық комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2008–2011 жылдары — СҚО Шал ақын ауданының әкімі 

2011–2012 жылдары — "Амрин К. К."  шаруа қожалығының менеджері

2013–2020 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті