Елімізде жанар-жағармай құны әр өңірде әртүрлі: ең жоғары баға қай қалада тіркелген

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда бензин бағасы ақырындап өсіп жатыр. Әсіресе, жиі сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің бағасы соңғы бір айда 0,4%, бір жылда 1,8%-ға өскен. АИ-95/96 маркалы бензин бағасы бір жылда 4,3%, ал АИ-98 3,2%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәліметтер Energyprom.kz басылымындағы сараптамада келтіріледі. 

Ондағы дерекке сүйенсек, соңғы бір айда бензин бағасы, әсіресе Жамбыл облысында айтарлықтай 1%-ға өскен. Сондай-ақ Абай, Түркістан облыстары мен Шымкентте де жанар-жағармай 0,8%-ға қымбаттады.

Ал Ақтөбе мен Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында соңғы айда баға өзгермеген. Ал Батыс Қазақстан облысында баға, тіпті сәл арзандаған (0,1%).

АИ-92 бензинінің орташа бағасы – 205 теңге. Ең қымбат баға Петропавлда тіркеліп отыр: 209 теңге, ең арзан баға Атырауға тиесілі: 195 теңге.

АИ-95/96 маркалы бензиннің орташа бағасы – 264 теңге. Ең жоғары баға Талдықорғанда (274 теңге), ең төмен баға – Атырауда (243 теңге) тіркелген.

АИ-98 бензині Алматыда қатты қымбат – 315 теңге, ал ең арзаны Ақтөбеде екен: 283 теңге.

"Жыл басынан бері Қазақстан ішкі нарықтағы жанар-жағармайға деген сұранысты толықтай дерлік өзі қамтамасыз етіп отыр. Елімізде қаңтар-ақпан айларында 1,1 млн тонна бензин өндірілсе, бұл - былтырғы жылмен салыстырғанда 20,8%-ға көп көлем. Бензин импорты, керісінше 8,1%-ға азайып, бар-жоғы 101,8 тоннаны құрады. Ал Қазақстанның өзі осы кезеңде 6,7 мың тонна бензин экспорттап, түгелімен Өзбекстан нарығына өткізген. Бензин бағасының көтерілуі алдағы уақытта көлік қызметтері мен жалпы нарықтағы басқа тауарлар бағасына әсер етуі ықтимал. Себебі бензиннің әрбір теңгеге қымбаттауы – түптеп келгенде, қарапайым халықтың қалтасына түсетін қосымша салмақ", - дейді сарапшылар.

Бұған дейін еліміздің екі өңірінде мемлекеттік кірістер департаменті басшылары ауысқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз