Қазақстанда алғашқы АЭС-ты салатын халықаралық консорциум көшбасшысы анықталды

Сурет: pixabay
Қазақстанда алғашқы АЭС-ті салатын халықаралық консорциум көшбасшысы таңдалып алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, ҚР Атом энергиясы агенттігінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен іріктеу жүргізілді.

Әлеуетті вендорлардың соңғы тізіміне мыналар кірді:

"Барлық қатысушылар өздерінің егжей-тегжейлі ұсыныстарын өткізді, оның ішінде болжамды баға, мерзімдері, қаржылық моделі, оқшаулау деңгейі және қызметкерлерді даярлау шаралары да қамтылған", делінген ресми хабарламада.

Assystem компаниясы және "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС-мен бірлесіп әзірленген кешенді бағалау негізінде "Росатом" жеңімпаз ретінде танылды. Екінші орынды қытайлық компания, үшінші орынды француз және корей компаниялары иеленді.

Қазір Қазақстан мен "Росатом" Ресей тарапынан экспорттық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін талқылауда.

ҚР Атом энергиясы агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу бойынша тиімді халықаралық консорциумды қалыптастыру бойынша шетелдік әріптестерімен түзілген жұмысты ары қарай жалғастырады.

2025 жылдың қаңтарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда АЭС-тің жобалау жұмысына қанша уақыт кететінін айтқан болатын. 2025 жылдың ақпанында министрлік алғашқы АЭС үшін реакторлық технологияның негізгі әлеуетті жеткізушілерін атады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды