Қазақстан Қырғызстан мен Өзбекстаннан қосымша су алу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізді

Сурет: primeminister.kz
Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі 30 шілдеде хабарлағандай, тараптар Нарын су электр стансалары каскадының, Талас бассейнінің, сондай-ақ Киров және Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс режимін талқылады.

"Кездесу нәтижесінде бұрын бекітілген келісімдер аясында қуаңшылык пен судың аз келуі салдарынан жеткізілмей қалған су көлемін қосымша жеткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді", делінген хабарламада.

29 шілдеде Ташкент қаласында вице-премьер Қанат Бозымбаев Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен және су-энергетика саласындағы жауапты басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екі апта ішінде су жеткізу кестесіндегі кідірісті жою бойынша бірлескен шаралар келісілді.

Осылайша, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында вегетациялық маусымды толық аяқтау қамтамасыз етіледі және бұл мәселе Үкімет пен өңірлік әкімдіктердің тұрақты бақылауында тұр.

Қазақстан
Қырғызстан
Өзбекстан
Бозымбаев Қанат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз