Қазақстанда 230-дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Қазақстанда 231 перспективалы өнеркәсіптік жобадан тұратын пул қалыптастырылғанын және шетелдік әлеуетті инвесторлармен келіссөздер басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, елімізде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясат жалғасып жатыр.

"Басым салаларды қаржыландыру үшін бюджеттен бөлінген 1 трлн теңгенің 398 млрд теңгесі "Бәйтерек" холдингіне бағытталды. Холдинг осы қаржының есебінен жалпы құны 5,1 трлн теңгені құрайтын жобаларды қаржыландырды. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі негізгі шикізат салалары бойынша 10 кеңейтілген салалық талдау әзірледі. Соның негізінде металлургия, мұнай-газ химиясы, көмір химиясы және агроөнеркәсіптік кешенді қамтитын 231 перспективалы жобадан тұратын пул жасақталды. Сондай-ақ әлеуетті стратегиялық серіктес ретінде қарастырылатын әлемнің 200 жетекші шетелдік компаниясының тізімі әзірленді", – деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, биылғы наурыз айынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 40 халықаралық компания бұл жобаларға қызығушылық танытқан.

Министр алдағы бірнеше айда әрбір сала бойынша әлеуетті стратегиялық серіктестермен нақты келіссөздер жүргізу жоспарланып отырғанын айтты.

Бұған дейін Қазақстан бюджетінің кірісі шамамен 16%-ға өскенін жазғанбыз.

Қазақстан
Жұманғарин Серік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін