12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні

Бұл дата кездейсоқ таңдалмаған. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіби мереке туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Facebook-тегі парақшасында жазба қалдырып, Қазақстанның ғылымына тоқталды.

"Барша ғалымдар мен зерттеушілеріміздің дүниені тануға деген ұмтылысын, олардың зияткерлік күш-қуатын, ғылыми жаңалық ашудағы үлесін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанның ғылыми қауымдастығы – қисыны қиын ғылыми мәселелерді шешуге қабілетті, зерттеу саласының жарқын бағытын айқындатын шабыт пен жаңашылдықтың қайнар көзі. Ел алдына қойылған ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды шешуде фундаменталды да, қолданбалы ғылымның рөлі ерекше. Ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер мен ғылымның өзге де қызметкерлерінің біліктілігін, кәсіби жұмысын мақтан тұтамыз". Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

Ол министрліктің және өз атынан ғалымдар мен зерттеушілерге, ғылым саласына жақын барша ұжымға алғысын білдірді. 

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәләметінше, жыл сайын мемлекет басшысының тапсырмасымен 500 отандық ғалым әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Бүгінде "Болашақ" халықаралық бағдарламасы аясында 190-ға жуық қазақстандық әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының докторантурасында оқып келді. Олардың қатарында медицина, инженерия, IT, білім беру және басқа да саладағы жоғары білікті мамандар жетерлік.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: