ҰБТ-ға калькулятор алып кіруге бола ма

Сурет: pixabay
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасы арқылы ҰБТ-ға қатысушылардың тестілеуге не алып кіргуе болатыны жөніндегі сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан "Direct пен пікірге тестілеуге өзіммен бірге калькуляторды алып келсем бола ма? деген сұрақтары келіп жатқанын атап өтті.

"Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсем. Тестілеуге еке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып келуге болмайды".Руслан Емелбаев

Оның сөзінше, тестілеу компьютерінде математика,математикалық сауаттылық, физика, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор ұсынылады.

"Сондай-ақ компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болады. Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын өзіміз шығарып, қолдануға береміз. Бәрі сіздердің ыңғайлықтарыңыз үшін, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн. Сәттілік!", – деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

Биылдан бастап талапкерлер негізгі ҰБТ кезінде Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесінің электронды нұсқасын да, қағаз нұсқасын да қолдана алады. Кестелердің қағаз нұсқасы тест тапсырушыларға ҰБТ кезінде таратылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз