Қазақ ұлттық университетінде Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылады

Сурет: kaznu.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында ҚазҰУ-да Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің хабарлауынша, екі ел басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев пен ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо ынтымақтастық орнату және филиал ашу туралы келісімге қол қойды.

"Филиал ашудағы мақсат – ғылыми бағытта бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу, студент даярлау және оқытушылар алмасу. Солтүстік-Батыс политехникалық университеті Сиань қаласында орналасқан. 36 мыңнан астам студент білім алатын жоғары оқу орнында аэронавтика, астронавтика және теңіз техникасы бойынша білім беру және зерттеу бағдарламалары бар".ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

ҚазҰУ-да ашылатын филиалда Қазақстан мен Орталық Азиядан келген студенттер білім алады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады