Павлодар қаласының оқушылары қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың 3D атласын жасап шығарды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың виртуалды атласын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, 3D атласқа баянауыл қарағайлары, қарағаш, жертесер, арқар секілді өңір эндемиктері енгізілген.

Жобаның ерекшелігі – оқушылар виртуалды нұсқаға саябақтың өзгеріссіз түпнұсқасын енгізген.

Олар осымен екінші жыл қатарынан Қазақстанның табиғи нысандарын цифрлық форматта ұсынып отыр. 

"Біздің ойымыз қорғауға алынған табиғи нысандар, өсімдіктер мен жануарлар туралы көпшілік біліп, оларға зиянын тигізбесе дейміз. Заманауи технологиялардың арқасында саябақтың флорасы мен фаунасын цифрлық форматта ұсындық, кез келген адам оны көре алады. 3D форматында әзірленген Баянауыл ұлттық паркі - бұл тарихи ескерткіштер туралы ғылыми зерттеу жасап жүргендер үшін тамаша мүмкіндік", – дейді оқушылар.

Олар бұл 3D атласты туристік сайттар елімізге назар аударудың бір әдісі ретінде пайдалана алатынын атап өтті.



Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік