Тоқаев Алматыда Инновациялық шығармашылық орталығына барды

Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында Инновациялық шығармашылық орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды, деп мәлімдеді ҚР президентінің баспасөз қызметі.

Орталықта оқушыларды ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық шығармашылыққа баулып, олардың экологиялық-ботаникалық дүниетанымын кеңейтетін, болашақ мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беретін клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысына Орталықтағы кәсіби бағдарлау кабинетінің және авиамодельдеу, виртуалды зертхана, баламалы энергия көздері секілді үйірмелердің жұмысы таныстырылды.

Сурет: akorda.kz

Орталықты аралап көру барысында Мемлекет басшысы жеткіншектермен әңгімелесіп, оларды бүгінгі мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ балалардың дарынын, қабілетін дамыту үшін осындай орталықтар өте қажет екенін атап өтті.

Сурет: akorda.kz

Президент балалар өздеріне ұнаған іспен айналысса, өмірде үлкен жетістікке жететінін, қоғамда құрметті азамат атанатынын айтып, оларға сәттілік тіледі.

Сурет: akorda.kz

Үш қабатты ғимаратта орналасқан инновациялық шығармашылық орталықта 1000-нан астам бала бір мезгілде түрлі үйірмеге және спорт секциясына қатыса алады.


Бұдан бөлек, мұнда психологиялық-педагогикалық түзету, дефектолог, логопед кабинеттері жұмыс істейді, сондай-ақ 300 орындық көрермен залы, медиакөрме, интерактивті ойын және коворкинг алаңдары бар.



Сурет: akorda.kz

Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Мемлекет басшысына қаладағы қосымша білім беру саласының дамуы жөнінде баяндады

Оның айтуынша:

Алматы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды