Оқу-ағарту министрлігі Абай облысында эвакуацияланған балалардың жағдайынан хабардар етті

Сурет: pixabay
Қазақстанның оқу-ағарту министрі Қани Бейсембаев Facebook-тегі парақшасында балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету Министрліктің бақылауында екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің жазуынша, қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Олар отбасымен бірге Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған.

"Эвакуацияланған 9,11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалуда – мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында ұйымдастырылады", – деп жазды Министр.

Сонымен қатар Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайларды ұйымдастыру тапсырғанын мәлімдеді.

"Апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасы балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылады".Ғани Бейсембаев

Ал жаңа тағайындалған ТЖМ басшысы өрт шарпыған Абай облысында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазақстан
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды