Қазақстандық оқушылар ең беделді бес халықаралық олимпиадада 19 медаль жеңіп алған

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Жыл басынан бері қазақстандық мектеп оқушылары 228 медаль жеңіп алды, оның ішінде 23-і алтын, 71-і күміс және 134-ы қола медаль, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы бес халықаралық олимпиадаға қатысу жоспарланған.

Жалпы жыл басынан бері еліміздің намысын 737 оқушы қорғады. Олар:

"23 оқушы ең беделді бес IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO халықаралық олимпиадаларында 19 медаль жеңіп алды. 10 қыркүйекке дейін географиядан халықаралық олимпиада (IGeO) және информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) сияқты тағы екі ірі олимпиадаға қатысу жоспарланып отыр", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетсек, алтын медаль алған мектеп оқушыларына 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Мектеп оқушыларын зияткерлік сайысқа дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы белгіленген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады