Түркістан облысының оқушысы қоқыстан макет жасап жүр

Сурет: видеодан скриншот
Түркістан облысында 8-сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек тұрмыс қалдықтарын әдеттен тыс жолмен іріктейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің ақпаратынша, оқушы бала кезінен сәулет ансамбльдері мен қала ғимараттарының макеттерін өз қолымен жасауды жақсы көрген. Оның коллекциясында қала блоктары, тарихи кесенелер және ауылдың егжей-тегжейлі жоспарлары бар. Ол өз дизайнын тұрмыс қалдықтарынан жасайды, қоқысты полигонға жібермес бұрын мұқият таңдайды.

"Модельдерді желімдеу және құрастыру техникасына 6-сыныпта қызыға бастадым. Ғимараттардың макетін қиялымда елестету, сосын әр бөлшекті ерекше еңбекпен жапсыру маған қиынға соқпады. Бұйымдарыма картон, қағазды пайдаландым және оған бояу қостым. Сүйген ісіммен айналыссам, жұмыс істеп отырғанда шабыттанам, тың идеялар келеді", – дейді Мейрамбек Қалдар.

Мейрамбектің сәулет өнеріне бейімдігін байқаған сынып жетекшісі шәкіртінің шығармашылық талпынысына қолдау бере бастаған. Мұғалім тапсырма беріп, макетті дұрыс жасауға көмектескен.

"Мектебімізде өнерлі оқушы көп, бірақ олармен салыстырғанда Мейрамбек өзінің қабілетімен көзге түседі. Ол барлығын мұқият ұстайды. Заттың бәрі рет-ретімен, көзден таса қылмайды. Мектепте оның оқу үлгерімі жоғары", - дейді №10 "Игілік" орта мектебінің мұғалімі Нұрлыбек Лесбаев.

Оқушы болашақта сәулетші мамандығын меңгерсем деп армандайды.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды