Оқу-ақарту министрі мектептерде қандай жағдайда смартфондарға шектеу қойылатынын түсіндірді

Сурет: pixabay
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылғы 5 желтоқсанда өткен үкімет брифингінде Қазақстан мектептерінде смартфондарды пайдалануға шектеулер енгізетін түзетулерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ғани Бейсембаев балалар сабақта сапалы білім алып, смартфонға алаңдамауы керек екенін атап өтті.

"Қазір балалар смартфонға алаңдайтыны белгілі. Мұндай шешім ата-аналар мен мұғалімдерден келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде қабылданды. Тағы қайталап айтамын бұл заң жобасында смартфонды оқушылардың мұғалімдердің рұқсатынсыз сабақ кезінде пайдаланбауы көзделген. Бірақ сабақ аяқталғаннан кейін, сабақтан тыс уақытта оқушылардың ұялы телефон арқылы ата-анасымен байланысып, өзінің жағдайы туралы айту құқығы шектелмейді. Бұл шектеу тек сабақ кезінде ғана қолданылады", – деді Білім министрлігінің басшысы.

2023 жылғы 30 қазанда Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан мектептерінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеуді ұсынатын заң жобасын қарап, бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты