Алматыда мерейтойлы ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

Сурет: Алматы әкімдігі
Биыл зияткерлік сайыс 3 жылдық онлайн режимнен кейін офлайн форматта өтіп жатыр.

Олимпиадаға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан сияқты 16 елден 600-ге жуық оқушы қатысады.

Мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 8-13 қаңтар аралығында дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының базасында өтеді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жәутіков олимпиадасының ашылу салтанатында қатысушыларды құттықтады.

"Жәутіков атындағы олимпиаданың ауқымы мен кеңінен танылуы Алматы үшін маңызды оқиғаға айналды. Мықты физика-математика мектебімен танымал қаламыздың оқушыларының жеңісі мен жетістігін мақтан тұтамыз. Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан мен шетелдерде зор жетістікке қол жеткізіп келеді. Олар MIT, KAIST, Йель, Кембридж сынды әлемдегі ең беделді университеттердің студенттері", - деді Ерболат Досаев олимпиаданың ашылу салтанатында.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды