Америкалық ғалымдар Марста жауын-шашын мен қар жауғанын анықтады

Сурет: pexels
Ежелгі Марс қоңыржай планета болған, онда жыл мезгіліне байланысты жаңбыр мен қар жауып, бұлақтар мен өзендер ағып жататын. Мұны Колорадо университетінің (АҚШ) ғалымдары анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеу нәтижелері миллиардтаған жыл бұрын планета бетінде арналар жүйесін қалыптастырған мол жауын-шашын болғанын көрсетеді.

Ғалымдардың басым бөлігі Марста шамамен 4,1–3,7 миллиард жыл бұрын су болғанымен келіседі, бірақ оның нақты қайдан пайда болғаны әлі күнге дейін беймәлім.

Зерттеушілер Марстағы аңғарлар мен бастау көздері тек жауын немесе қар түріндегі жауын-шашынның әсерінен ғана қалыптасуы мүмкін екенін айтып отыр, себебі мұз қабаттарының маусымдық еруі мұндай әсер бере алмайды.

Бұл ретте, планетада қар немесе жаңбыр жауатындай жылы температура қалай сақталғаны әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.

Бұған дейін Қытайдың айда АЭС салуды жоспарлап отырғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады