Павлодар облысында ежелгі заманғы екі қола пышақ табылды

Сурет: видеодан алынды
Павлодар облысының Баянауыл ауданында сақ дәуіріне тиесілі сирек кездесетін екі қола пышақ тапты. Құнды жәдігерлер Торайғыр көлінің маңындағы сақ қорғанында жазғы далалық тәжірибе кезінде анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құнды жәдігерді Марғұлан университетінің археологтары мен студенттері тапқан.

"Биыл біз "Торайғыр-6" атты белгілі ескерткіште қазба жұмыстарын жүргізіп, тас төбенің шыңын зерттедік. Нәтижесінде "Торайғыр-7" жаңа қорған анықталды. Екі қорғанды қазу барысында біз сақ дәуірінің ерте кезеңіне жататын қола пышақтарды таптық", – деді Марғұлан университетінің археологиялық қорларының бас сақтаушысы Елена Тушева.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл - Павлодар облысында табылған ең көне қола бұйымдардың бірі.

"Пышақтар ежелгі технология әдісі арқылы қоладан құйылған. Бірақ стилистикалық жағынан ерте темір дәуіріне жатады. Бұл аймақта дамыған металлургиялық технологиялар мен тұрақты мәдени байланыстардың болғанын растайды", – деді Елена Тушева.

Сондай-ақ археологтар бұл жерден Тасмола мәдениеті өкілдерінің қалдықтарын да тапқан.

Бұған дейін Алматы облысында ҚазҰУ археологтары сақ дәуірінің алтын жүзігін тауып алғанын жазғанбыз.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі