Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындылары жарияланды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылы 11 тамызда 49 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өткенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинағанын нақтылады. Ғылыми- педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балды, бейінді бағыт бойынша 23 балл болды. Ең жоғары балл – 139.

"Кешенді тестілеу барысында 130 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 79 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 35 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Тестілеуге кіргізу барысында 1 бөгде адамның тестілеуге кіру әрекеті анықталды. 15 адамның нәтижесі тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-18 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсете алады.

Бұған дейін Ғылым министрлігі әкімдіктер ұсынатын гранттарға қатысты маңызды ақпаратпен бөліскені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды