50 жылдан кейін алғаш рет адамдар Айға қайта аттанады

Сурет: pixabay
NASA "Артемида II" миссиясы аясында төрт астронавтты Айдың маңайына жіберуді жоспарлап отыр. Бұл тарихи сапар 2026 жылдың ақпан айына жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Артемида II" миссиясы төрт астронавттың Айға барып, Жерге қайта оралғанға дейін он күндік ғарыштық сапарды қамтиды.

NASA агенттігінің астронавттары Рид Уайзман, Виктор Гловер және Кристина Кох, сондай-ақ Канаданың ғарыш агенттігінің астронавты Джереми Хансен Ай бетіне қонбаса да, олар 1972 жылы болған "Аполлон-17" миссиясынан кейін Жердің төмен орбитасынан тыс шыққан алғашқы экипаж болмақ.

Миссияның ұшу директоры Джефф Радиганның айтуынша, бұл экипаж бұған дейін ешбір адам болмаған ұзақ мерзімді ғарыш сапарында болады.

Миссияның басты мақсаты – Айға қонуға дайындық ретінде зымыран мен ғарыш кемесінің жүйелерін сынақтан өткізу.

Сапар барысында экипаж мүшелері "сынақ нысаны" рөлін атқарады. Ғалымдар ғарыш олардың ағзасына қалай әсер ететінін зерттейтін болады. Атап айтқанда, астронавтардың қанынан алынған жасушалардан органоидтар – яғни шағын тін үлгілері өсіріліп, олар сапарға дейін де, кейін де мұқият зерттелмек.

Бұл миссия NASA-ның "Artemis III" аппаратын Айға нақты қону үшін қашан ұшыратынын анықтайтын маңызды кезең болмақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты