Мұхит түбінен "Жоғалған қала" табылды

Сурет: pixabay
Орта Атлантикалық жотаның батысында орналасқан су асты тауына жақын жерде қырлы-қырлы ерекше ландшафт көтерілген. Бұл алаңға "Жоғалған қала" деген атау берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ScienceAlert басылымының жазуынша, "Жоғалған қаладағы" "мұнаралардың" биіктігі 60 метрге дейін жетеді. Ғалымдар бұл қаланы алғаш рет 2000 жылы жер бетінен 700 метр тереңдікте тапқан.

Ғалымдар анықтағандай, кем дегенде 120 000 жыл бойы осы аймақтағы мантия теңіз суымен реакцияға түсіп, мұхитқа сутегі, метан және басқа еріген газдарды шығарып отырған. Осылайша, бүгінгі қала түзілген.

Сурет: UW/URI-IAO/NOAA)

Аумақта көптеген ұлу мен теңіз шаяндары тіршілік етеді. Сонымен қатар, үлкен шаяндар, теңіз жарғанаттары және шортан сияқты тіршілік иелері де бар, дегенмен олар сирек кездеседі.

Бұған дейін ғалымдардың көп күш жұмсамай-ақ мұхитты кезіп өте алатын әлемдегі ең ірі бауырымен жорғалаушыны тапқанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды