Океанологтар ерекше олжа тауып, оны роботтың көмегімен судан алып шықты

Сурет: pixabay
Халықаралық океанологтар тобы Галапагос архипелагындағы Дарвин аралының маңынан бұрын кездеспеген сегізаяқтың жаңа түрін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чикагодағы Field Museum мәліметінше, жаңа теңіз жәндігінің түсі ашық көгілдір, ал ұзындығы шамамен үш сантиметр болады. Бұл сегізаяқтар мұхиттың 1,7 шақырым тереңдігінде тіршілік етеді.

Ғалымдар тіршілік иесін арнайы роботтың көмегімен ұстап, су астынан алып шыққан.

"Бұл сегізаяқты көрген сәтте-ақ біз мүлде жаңа әрі ерекше тіршілік иесін тапқанымызды түсіндік. Сегізаяқтарды зерттеген бүкіл уақытымда мұндай жаратылысты бұрын-соңды кездестірмедім", – деді музей кураторы Janet Voight.

Сурет: fieldmuseum.org

Океанологтар сегізаяқтарды Дарвин аралы жағалауына жасалған экспедиция кезінде анықтаған. Экспедиция барысында олар теңіз флорасы мен фаунасын зерттеген. Кішкентай сегізаяққа Галапагос аралдарының құрметіне Microeledone galapagensis деген атау берілді.

Бұған дейін археологтар Ыстықкөл түбінен ортағасырлық қаланы тапқанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы