Ғалымдар Жерге жақындап келе жатқан магниттік дауылдарға қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Сурет: pixabay
Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн-жер физикасы институты ғалымдары бейсенбі күнгі ғарыштық ауа райы туралы мәлімет ұсынып, магниттік дауылдарға қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 11 маусымдағы ғарыштық ауа райы – әлсіз деңгейде әсер етуде.

Өткен тәулікте:

Алдағы тәулікке болжам:

"Қазіргі уақытта ай салыстырмалы түрде тыныш өтіп жатыр. Маусымның алғашқы он күнінің екеуі ғана қызыл түспен белгіленген, ал қалған сегіз күні жасыл түсте. Жалпы алғанда, бұл жаман көрсеткіш емес. Айталық, бұдан да тыныш кезеңдер болған. Мысалы, 2003 жылдың маусымы. Дегенмен статистиканы алдағы екі тәулік – 12 және 13 маусым күндері бұзуы мүмкін",- деп мәлімдеді ғалымдар.

Мамандардың сөзінше, корональды тесікке байланысты геомагниттік жағдайдың өзгеруі бұрыннан-ақ осы күндерге болжанған.

Сонымен қатар, бүгін таңертең болған ұзаққа созылған күн жарқылының салдарынан пайда болған әлсіз плазма ағыны да жағдайға әсер етуі мүмкін. Алдын ала есептеулер бойынша, бұл плазма ағыны 13 маусымда Жерге жетеді.

"Бұл екі құбылыстың әрқайсысы жеке алғанда аса әсерлі көрінбейді. Тәждік тесік орташа деңгейде, ал плазма шығарындылары әлсіз. Бірақ екеуі қосылған жағдайда кем дегенде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл тудыруға жеткілікті болуы мүмкін. Алайда бұл Күндегі жалпы жағдайды түбегейлі өзгертпейді. Жұлдызымыз қазір тыныш күйде, демалып жатыр",- деді мамандар.

Осылайша, ғалымдардың болжамынша, 12–13 маусым күндері Жерде G1 деңгейіндегі әлсіз магниттік дауылдар болуы мүмкін, бірақ жалпы алғанда Күн белсенділігі әлі де төмен әрі тұрақты деңгейде қалып отыр.

Ресей
Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды