Қазақстанда бюджет заңнамасы жетілдіріледі

Ұлттық экономика министрлігі бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Заң жобасы бюджет қаражатын басқаруда мемлекеттік органдарға барынша дербестік беру, бюджет тұрақтылығын, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік рәсімдерді оңтайландыруды және оңайлатуды көздейді.

Заң жобасында мынадай бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтыруларды көздеу ұсынылған:

1. ҚР Парламентіне және мәслихаттарға бюджет жобасын ұсыну форматын өзгерту

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін бюджет жобасын Парламентке не мәслихатқа ұсыну және оны бекіту кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды көрсете отырып, ұлттық жобалар бөлінісінде шығыстарды бюджет жобасына қоса беру ұсынылады.

Бұл ретте бюджет құрылымын сақтай отырып, ұлттық жобаның мақсаты төңірегінде бюджеттік бағдарламалар қалыптастыру ұсынылады. Бұл шара бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қолданыстағы бюджеттік бағдарламаларды ірілендіруге мүмкіндік береді.

2. Бюджет шығыстарын қалыптастыру тәртібін өзгерту

Ұлттық жобаларды енгізумен және оларды бюджетпен тікелей байланыстырумен шығыстардың едәуір бөлігі ұлттық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Осыған байланысты бюджет шығыстарын бағдарламалық және бағдарламалық емес сипаттағы шығыстарға бөлу ұсынылады.

Бағдарламалық шығыстарға жобаны іске асырудың жоспар-кестесіне сәйкес ұлттық жобаларды іске асыруға арналған шығыстар енгізіледі.

Бағдарламалық емес сипаттағы шығыстарға ұлттық жобаларға енгізілмеген мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттерін орындауға арналған шығыстарды жатқызу ұсынылады, мысалы:

3. Шығыстардың жаңа блоктық сыныптамасын енгізу

Блоктарға арналған шығыстарды: бағдарламалық шығыстар мен бағдарламалық емес сипаттағы шығыстарды бөлуге сәйкес келетін бюджет шығыстарының жаңа блоктық сыныптамасын енгізу ұсынылады.

Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға мыналар жатады:

4. Жаңа бастамаларға арналған бюджет шығыстарын жоспарлаудың жаңа тәсілдері

Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға мыналарға бағытталған шығыстарды жатқызу ұсынылады:

5. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін құжаттарды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін өзгерту

Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін құжаттарды ұсынудың мынадай мерзімдерін белгілеу ұсынылады:

6. Бюджеттің тұрақтылығын арттыру

Президент резервінің мөлшерін республикалық бюджет шығыстарының жоспарланған көлемінің екіден бес пайызына дейін ұлғайту ұсынылады.

7. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын және бюджеттік бағдарламаларды бекіту тәртібін оңайлату

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын және бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаражатты жедел басқару жөніндегі рәсімдерді оңайлату үшін мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдардың бюджет процесіндегі өкілеттіктерінің аражігін ажырату ұсынылады:

14 қаңтарға дейін көпшіліктің талқылауы үшін құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

Қазақстан Ашық НҚА
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: