Банк секторы тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр – ҚР ҚНРДА

Банк секторы тұрақты режимде жұмыс істеуде. 2021 жылдың соңында банк секторының активтері 36,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктегілердің айтуынша, үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және халық пен корпоративтік клиенттер үшін банктік қызметтердің толық тізбесін көрсету үшін екінші деңгейдегі банктерде меншікті капитал мен өтімділіктің айтарлықтай қоры бар.

Банк секторының меншікті капиталы 4,6 трлн теңгені құрады. Бүгінгі күні банктер капиталының жеткіліктілігі заңнамада белгіленген ең аз талаптардан 3 есеге асады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Агенттік ұсынған деректер бойынша, өтімділігі жоғары активтер шамамен 12,3 трлн теңгені немесе активтердің 33,4%-ын құрады. Өтімділік нормативтерінің ағымдағы мәндері заңнамада белгіленген мәндерден 4 есеге асады.

Сондай-ақ ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде банк секторы өтімділігінің қосымша қорын құру мақсатында Ұлттық Банк тікелей және кері РЕПО операцияларын, депозиттік аукционды, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын шығаруды қоса алғанда, екінші деңгейдегі банктерде өтімділікті беру және алып қою жөніндегі күнделікті операцияларды қайта бастайтындығы хабарланды.

Қажет болған жағдайда, ақша нарығында Қазақстан қор биржасында 3 айға дейінгі мерзімге РЕПО және своп операциялары арқылы өтімділікпен шұғыл қамтамасыз ету тетігі қолданылатын болады.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

ҚНРДА атап өткендей, бүгінгі таңда банк салымшылары үшін тәуекелдер жоқ. Қазақстандықтардың банктердегі депозиттеріне заңнамаға сәйкес «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдік береді.

Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында банк секторындағы жағдайды күшейтілген түрде мониторингтеуді жалғастырады.

Қазақстан Әбілқасымова Мадина
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: