Александр Терентьев төтенше жағдайдың салдарынан көптеген кәсіпкер мен қарапайым азаматтардың коммерциялық қызметі мен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын, соның салдарынан табыстың азайғанын айтты.
Тәртіпсіздіктер кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне қомақты материалдық шығын келтірілді, деп қосты ол. Енді оларға бүлінген мүлікті жөндеуге және кәдімгі бизнес режимін қалпына келтіруге уақыт қажет.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік дереу банктермен және микроқаржы ұйымдарымен жұмыс жүргізді, барлық кредиторлар үшін несиелер мен микрокредиттердің барлық түрлері бойынша кейінге қалдыруды берудің бірыңғай тәртібін қабылдады. Кешіктіру барлық зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға төтенше жағдай енгізілген күннен бастап үш айға беріледі. Несиелер мен микрокредиттер бойынша жеңілдік кезеңінде барлық банктер мен МҚҰ тұрақсыздық айыбын, өсімпұлды есептемейді. Мерзімі өткен сыйақыны да капиталдандыруға жол берілмейді. Александр Терентьев
Несиенің кешіктіріліп өтелуі және оны өтеуді кейінге шегеру төлеушінің несиелік тарихына кері әсерін тигізбейді, – деді спикер.
Несиені өтеуді кейінге шегеру үшін банкке, МҚҰ немесе несие бөліміне барып өтініш жазу керек.