Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:06-дағы жағдай бойынша Brent мұнайының сәуірдегі фьючерстерінің бағасы шамамен 0,9%-ға өсіп, барреліне 96,02 долларға жетті. Ал наурыздағы фьючерстері 1,8%-дан астамға өсіп, барреліне 94,82 доллар болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Әлемдік нарықтағы мұнайға қатысты жағдайды «Газпром нефть» басшысы Александр Дюков бағалады. Оның пікірінше, барреліне 90 долларға жуық баға дағдарысқа дейінгі көрсеткішпен бірдей.
Мұндай көрсеткішке әртүрлі факторлар әсер етеді: нарықтық, саяси және тағы басқа.Александр Дюков
Сарапшының айтуынша, мұндай жағдай өндірушілерді қуантпай қоймайды. Алайда жобаларды дамытуға тұрақты инвестиция салу үшін мұнай нарығындағы тұрақтылық маңызды. Александр Дюковтың пікірінше, ұзақмерзімді тұрақтылық пен аз құбылмалылық өте қажет.
Бір сәтте бағаның тым жоғары болатынын түсінсек, бұл бағаның күрт төмендеуі кезеңімен жалғасуы мүмкін. Ал мұндай өзгерістер инвестициялық шешімдерге тікелей әсер етеді.Александр Дюков