Ресей банктерінің SWIFT-ке кіру рұқсатын бұғаттау Қазақстанға әсер етпейді

ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Ресейге қарсы санкциялардың қазақстандық банк жүйесіне әсері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ресейдің жекелеген банктерінің SWIFT-ке кіру рұқсатын бұғаттау Қазақстан ішіндегі төлемдерді жүргізуге әсері тимейтінін және елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейтінін атап өтеміз. Қазақстан банктерінің ел ішінде клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу жөніндегі барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов

Оның айтуынша, SWIFT жүйесінен ажыратылған Ресей банктерінің клиенттерімен трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысуларды жүргізудің балама тетіктері дайындалған.

Осыған орай Пірматов Ұлттық Банк нарықтарды қадағалап, жағдай бұдан әрі нашарлаған кезде қаржылық және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдауын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ол үшін Ұлттық Банкте барлық қажетті құралдар бар және Ұлттық Банк оларды орынды пайдалануда. Мемлекеттің жалпы халықаралық резервтері 25 ақпанда 87,7 млрд доллар (айдың басынан бастап өсім 346 млн доллар), оның ішінде Ұлттық қордың активтері – 54,0 млрд доллар, алтынвалюта резервтері – 33,7 млрд доллар болды. Ұлттық Банк нарықтық бағам белгілеуге кедергі келтірмей және белгілі бір бағам деңгейінің таргеттелуін болдырмастан, еркін өзгермелі бағам кезінде инфляциялық таргеттеу режимін ұстануды жалғастырады. Бұл ретте, біз қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенцияларды жүргізуді жалғастырамыз.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов

Қазақстан ҚР Ұлттық Банкі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: