Қазақстанда жалақы өсе ме – Еңбек министрлігі жауап берді

Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов елдегі экономикалық жағдайға байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсетін-өспейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, президент халықтың табысын арттыру жөнінде тапсырма берген. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық жергілікті атқарушы органмен, барлық кәсіпорынмен бірлесе жұмыс істейді.

Талдау жүргізіп жатырмыз. Кімнің жалақысы медианадан шартты түрде төмен (ол дегеніміз 157 000 теңге) болса, сол қызметкердің жұмыс берушісімен сөйлесіп, жалақысын көтеруі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені олар өз қызметкерлерінің ұмтылысын түсінуі керек. Оларға қолдау көрсетуі керек. Мұндай жұмыс барлық жерде атқарылып жатыр.Серік Шәпкенов

Серік Шәпкенов айтуынша, қазір бұл мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр.

Біз қазір Ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестермен экономиканың қандай сценариймен жүретінін пысықтап жатырмыз. Алдағы уақытта белгілі бір қорытындылар болады.Серік Шәпкенов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты