508,62 теңге: доллар арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,38 теңгеге төмендеп, 508,62 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақша айырбастау орындарында доллар 517-519 теңгеге сатып алынып, сатылып жатса, еуро 595-607 теңгеден, рубль – 4-5,2 теңгеден саудаланып жатыр.

Ресей рублінің бағамын Ұлттық банк 10 наурызда 3,98 теңге, еуроны 559,27 теңге деп белгіледі.

Кешегі сауда-саттықта қытай юанінің орташа сараланған бағамы 81,01 теңге болды.

Ал 10 наурыздағы саудада мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері барреліне 110,38 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 2,92%-ға өсіп, 114,39 долларға жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты