МКК төрағасының орынбасары болып Азамат Панбаев тағайындалды

Сурет: ҚР Қаржы министрлігі МКК баспасөз қызметі
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып Азамат Панбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Азамат Панбаев тағайындалды. ҚР Қаржы Министрлігі МКК баспасөз қызметі

Панбаев Азамат Серікұлы 1987 жылы туылған.

2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2010 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Индустриялық даму және өнеркәсіп комитетінде 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін жалғастырды, сарапшыдан бастап, басқарма басшысына дейін жетті.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2019 жылдың сәуір айынан бастап соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты