Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,9 млрд АҚШ доллары болды, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,7 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі 10,2 млрд АҚШ доллары болды. ҚР Ұлттық банкі
Ұлттық банк жасаған талдау бойынша, биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 58,5% немесе 6,0 млрд АҚШ долларына бағаланған (2022 жылғы қаңтарда – 65,8% немесе 4,9 млрд АҚШ доллары), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасының сұранысы немесе ұсынысы арақатынасына әсер етпейді.
2022 жылғы ақпанда халық нетто-негізде 292,5 млрд теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 3,4%-ға өсті (2022 жылғы қаңтарда – 282,8 млрд теңге), 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (184,9 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 1,6 есе ұлғайды.
Шығыстардың негізгі көлемі 197,7 млрд теңге немесе 67,6% – АҚШ долларын, 75,4 млрд теңге немесе 25,8% – Ресей рублін, 19,1 млрд теңге немесе 6,5% – еуроны сатып алуға бағытталды.
Валюталардың түрлері бойынша бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алуға арналған шығыстар 10,5%-ға өсті (өсу 1,7 есе ж/ж), Ресей рублін сатып алуға арналған шығыстар 6,8%-ға төмендеді (өсу 1,6 есе ж/ж) және еуроны сатып алуға арналған шығыстар 15,5%-ға төмендеді (төмендеу 10,7% ж/ж).