Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай тұрақталды – ҚР Ұлттық банк

Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Наурызда геосаяси тәуекелдердің орындалуы және Ресей рублінің жоғарғы құбылмалылығы теңгеге қысым жасады. 16 наурызда теңге бағамы биржада бір АҚШ доллар үшін 512,17 теңгеге жетті. Ұлттық банк қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін шектеу үшін белгілі бір күндерде валюталық интервенциялар жүргізді, оның көлемі осы жылдың наурыз айында 990,5 млн доллар болды. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, бюджетке берілетін төлемдер үшін Ұлттық қордан 891 млн долларды сату және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 233,4 млн доллар мөлшерінде валюталық түсімдерін сату теңгеге қолдау көрсетті.

Теңге бағамы наурызда төмендеудің едәуір бөлігін қалпына келтірді және ай қорытындысы бойынша 5,7 пайыз нығайып, бір доллар үшін 467,13 теңге болды. Ұлттық валюта бағамы сәуірде нығаюын жалғастырып, 11 сәуірде 449,63 болды.Ғалымжан Пірматов
Қазақстан ҚР Ұлттық Банкі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: