Ұлттық банк M.KENBAEV «ÁŃGIME» коллекциялық монетасын шығарды

Сурет: ҚР ҚҺҰлттық банкінің баспасөз қызметі
Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның бейнелеу өнері» сериясынан номиналы 500 теңгелік M.KENBAEV «ÁŃGIME» коллекциялық монеталарының 2022 жылдың 14 сәуірінен бастап сатылымға шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Монета дизайнында Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі, педагог әрі профессор М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген. Материалдарды Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі ұсынды.ҚР Ұлттық банкі

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, ал жақтауында QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.

Монетаның реверсінде суретші М.Кенбаевтың «Әңгіме» картинасындағы фрагмент бейнеленген. Композиция түрлі-түсті баспа технологиясымен жасалған.

Монеталар 925/1000 сынамалы күмістен тұрады. Салмағы – 31,1 грамм, сапасы – proof. 500 теңгелік номиналмен 1 500 данасы жасалды.ҚР Ұлттық банкі

Монеталар kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы