Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені не себепті көтерді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ғалымжан Пірматов +/-1 пайыздық тармақ пайыздық дәлізімен базалық мөлшерлемені 14%-ға дейін неліктен көтергенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банктөрағасы баспасөз брифингі аясында базалық мөлшерлемеге қатысты шешімдерді жариялау жұмысын қайта жандандырғанын атап өтті.

Ұлттық банк 26 сәуірден бастап +/-1 пайыздық тармақ пайыздық дәлізімен базалық мөлшерлемені 14%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім экономикадағы проинфляциялық факторлардың айтарлықтай өсуіне байланысты қабылданды. Осы жылдың 1-тоқсанында біз іскерлік белсенділіктің, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың және экономиканы кредиттеудің өскенін байқадық. Бұл факторлар фискалдық ынталандыру шараларымен бірге ішкі сұранысты да қолдайтын болады. ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ғалымжан Пірматов

Оның айтуынша, мұндай шаралар шектеулі ұсыныс жағдайында бағаның көтерілуіне және импорт пен инфляцияның өсуіне әкеп соғады.

Осыған байланысты инфляцияға қарсы ақша-кредит саясатының рөлі қазіргі кезде тұтынушылардың қаражат жинақтау әрекетін қолдау үшін маңызды. Осындай шаралардың көмегімен сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына және екі таңбалы көрсеткішке жеткен инфляцияның ретсіз өспеуіне ықпал етуге болады.

Сондықтан біз үшін базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім, бірінші кезекте, инфляцияның өсу үрдісіне жол бермеу жолындағы қажетті шара. Ғалымжан Пірматов
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты