ҰБ Семей полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай коллекциялық монеталар шығарды

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
2022 жылғы 3 мамырдан бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL коллекциялық монеталары сатылымға шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, SEMEI IADROLYQ POLIGONYNYŃ JABYLǴANYNA 30 JYL монеталарының реверсінде екі бөліктен тұратын ядролық жарылыс түрінде  бейнелер көрініс тапқан.

Сол жақ бөлігі ядролық сынақтардың тарихын, үзілген өмір мен шырғалаң тағдырды бейнелейтін жарықшақтар түрінде берілген. Оң жағынан – зардап шеккен табиғатты білдіретін қураған ағаштың   бейнесін көруге болады. Қурап қалған ағаш бұтағындағы жасыл жапырақтың бейнесі – жандану мен қылаң берген үміттің белгісі. ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Монеталар 925/1000 сынамада күмістен эмаль жағу технологиясымен дайындалған.

Массасы – 31,1 грамм, proof дайындау сапасы бар, номиналы 500 теңгелік, таралымы– 5000 дана және нейзильбер қоспасынан массасы 11,17 грамм, uncirculated сапасымен, номиналы 100 теңгелік, таралымы – 100 000 дана.

Айта кетсек, 30 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстан тарихында тарихи шешім қабылданып, 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылды.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті