Жүйелі түрде ақша жинаған: ҚТЖ-ның өңірлік құрылымының басшысы кінәлі деп танылды

Сурет: Zakon.kz
«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясының басшысы С.Түсіпов құзіретін асыра пайдаланып, бюджет қаржысына қол салған. Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында С.И.Түсіпов С.М.Иманбек және Т.М.Сарсембинов 2016 жылғы наурыздан 2021 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Павлодар магистральдық желі филиалы» Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясы қызметкерлерінен жүйелі түрде заңсыз ақша өндіріп алуды жүзеге асырғаны анықталды.

Сонымен қатар, Түсіпов С.И. алаяқтық жолмен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың қаражатын жымқырған.

Павлодар қаласының №2 соты азаматтар С.И.Түсіпов, С.М.Иманбек және Т.М. Сарсембиновты кінәлі деп танып, әртүрлі жаза түрлеріне соттады. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз