Қазақстанда ақшалай жинақталып қалған рубль мәселесінің шешімі табылды – Ұлттық банк

Сурет: pixabay
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерде артылған ресейлік қолма-қол ақша мәселесін шешу үшін құжат жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ұлттық банктің мәліметінше, қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде ішкі валюта нарығындағы сұраныстан асатын көлемде қолма-қол Ресей рублінің жинақталып қалғаны байқалады. Бұл Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын әкету бойынша қолданыстағы шектеулерге байланысты.

Ұлттық банк аталған мәселені шешу үшін, 2022 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі аралықта екінші деңгейлі банктердің қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен әкетуге рұқсат көзделген құжатты әзірледі. Бұл ретте сома 2022 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша кассалардағы қалдық шегінде болуға тиіс.

Ұлттық банктің хабарлауынша, рұқсат қолма-қол рубльдерді қолма-қол ақшасыз формаға айырбастау үшін және банктердің корреспонденттік шоттарын толықтыру мақсатында енгізіледі.

Ресей
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді