Олимп кеңсесінің 5 миллион доллары мен 200 мың еуросы Ұлттық банкке аударылады

Сурет: pixabay
Экономикалық ресурстардың қайтарылуы жөніндегі комиссия Олимп букмекерлік кеңсесінің ісіне қатысты мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір Олимп букмекерлік компанияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген 5,5 миллион доллар мен 200 мың еуроны Ұлттық банкке аудару рәсімі жүріп жатыр, – деп түсіндірді комиссия.

Сонымен қатар Қапшағай қалалық сотының 6 маусымдағы 95 млрд теңге залал келтірген осы букмекерлік кеңсе басшысын колония-қонысқа ауыстыру (қамауда ұстау жағдайларын жеңілдету) туралы шешімінің күшін жою туралы жеке өтінішхат берілді.

Қазірдің өзінде бұл іс бойынша мемлекет пайдасына 3,6 млрд теңгеге жуық қаражат (4 ұшақ, 5 жер телімі, 15 автокөлік, Алматыдағы 30 жылжымайтын мүлік нысаны (тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар және тағы басқа) тәркіленді.ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін