Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 1,5 млрд теңге салған

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда «Елім-ай-2019» тұтыну кооперативінің атын жамылған қаржы пирамидасы жұмыс істеді: зардап шеккендер оған 1,5 млрд теңге салған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының прокурорлары қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша «Елім-ай-2019» тұтыну кооперативі басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істі сотқа жіберді.Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Тергеу барысында анықталғандай, «Елім-ай-2019» ӨК басшылары тұрғын үй немесе көлік сатып алуға пайызсыз несие бергені үшін еліміздің 12 облысынан екі мыңнан астам жәбірленушіні жалпы сомасы 1,5 млрд теңге салдырып, қаржы пирамидасының қызметіне заңсыз тартады.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде қатысы бар тұлғалар 8 миллион теңгеге жуық қаржыны заңдастырған.

Қылмыстық іс аясында күдіктілер мен олардың туыстарына тиесілі 15 жер учаскесі, бес тұрғын үй және бес автокөлік тәркіленді. Олардың болжамды құны 145 миллион теңге болды. Сонымен қатар тағы ақшалай 85 млн теңге тәркіленді.Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз