Агенттік басшысы орынбасарының айтуынша, енді банк немесе микроқаржы ұйымы өз балансындағы мүлікті жинап алған соң, оны үш жыл ішінде сатуы керек.
Бұрын мұндай кезең болмаған. Банктер жылдар бойы, ондаған жылдар бойы бұл кепілге қойылған мүлікті сақтап, оны шаруашылық айналымына қоспаған.Олжас Қизатов
Оның айтуынша, бұл стреске ұшыраған активтер нарығының дамуына мүмкіндік береді. Өйткені банктер белгілі бір мерзімнен кейін мүлікті сатуға мәжбүр болады.
Осындай шектеулі уақыт шеңбері болған кезде, менің ойымша, бұл әділ құнға әкеледі. Егер банктер тарапынан нарықтық құн болса, онда инвесторлар тарапынан сұраныс жоғары болады.Олжас Қизатов
Сонымен қатар ол бұл үдеріс жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға әсер етеді деп есептейді. Ең болмағанда жаңа ұсыныстардың ағынына байланысты жылжымайтын мүліктің құны біршама төмендеуі мүмкін.
Жылжымайтын мүліктің бағасы көптеген факторлардан қалыптасады. Бірақ менің ойымша, өтімді активтер нарығын құру, онда инвесторлардың көп болуы, кез келген уақытта стресске ұшыраған активтерді сатып алуға және сатуға қол жеткізу - мұның бәрі транзакциялар көлемі өскенде, ақыр соңында жылжымайтын мүлік құнының төмендеуіне әкеледі.Олжас Қизатов
9 қыркүйекте Қазақстанда банктердің стрестік активтерін сатуға арналған цифрлық платформа әзірленіп жатқаны белгілі болды.