3 қазандағы саудада доллар сәл арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,02 теңгеге төмендеп, 475,51 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 8,20 теңгеге (-0,10) түсті.

Юань мен еуро бойынша сауда болған жоқ. Қытай юанінің бағамын Ұлттық банк 670,1 теңге, еуро бағамыy 467,03 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 477-481 теңге, еуро 490-497 теңге, рубль 7,3-7,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 3 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 2,53%-ға өсіп, барреліне 87,29 доллар болды.

Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 2,62%-ға өсіп, 81,57 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы