Қыркүйекте Ұлттық қордың валюталық актив көлемі қысқарды

Сурет: Zakon.kz
Алдын ала мәлімет бойынша, қыркүйекте Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі 51,6 млрд доллар болды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 305 млрд теңге бөлінді.

Трансферттерді бөлу негізінен қордың теңгелік шотындағы қалдық есебінен, сонымен қатар 85 миллион АҚШ доллары немесе шамамен 41 миллиард теңге эквивалентіндегі шетел валютасын айырбастау есебінен жүзеге асырылды.Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

Ол дамыған елдерде ақша-несие саясатының қатаңдатылуына байланысты облигациялар мен қор нарықтары құлдырауын жалғастырып жатқанын қоса кетті.

Осыған байланысты дамыған елдердің облигациялар портфелінің кірістілігі қыркүйекте минус 4,02%, қор портфелінің кірістілігі минус 9,26% болды. Бұл ретте Ұлттық қордың құрылу басынан бергі ұзақ мерзімді табыстылығын есептегенде жылына 2,81% болады.

11 қыркүйекте Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов үкімет отырысында Ұлттық қордың дамыған елдерінің облигациялары портфелі 722 миллион долларға, ал акциялар портфелі 1 миллион 255 миллион долларға азайғанын айтты.

Тамызда Ұлттық қордың валюталық активтерінің көлемі бір айда 500 млн долларға артып, 53,8 млрд доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз