Банктерге елімізден қолма-қол Ресей рублін алып шығуға рұқсат ету жоспарланып отыр

Сурет: pixabay
Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін алып шығуға рұқсат беретін қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық ,анк "Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Жобада екінші деңгейдегі банктердің Қазақстаннан қолма-қол ресей Рублін бір реттік тәртіппен алып шығуына рұқсат беру жайы қарастырылған.

Қолма-қол рубльді екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастау және шетелдік банктердегі өздерінің корреспонденттік шоттарын толықтыру мақсатында осындай рұқсат беру шарасы қолға алынған.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 60 күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

Жобаның толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Қыркүйек айында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ресей рублінің валюта нарығына көптеп келіп түсуі Қазақстандағы ішкі инфляцияға қалай әсер ететінін айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды