180 мың долларды ақшалай Қазақстаннан алып шықпақ болғандар тұтылды

Сурет: ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметі
Қазақстан азаматтары 83 млн теңгеден астам ақшаны Өзбекстанға алып өтуге тырысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы 6 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Ауежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу кезінде "Астана – Ташкент" халықаралық рейсінің жолаушыларынан ақшалай 180 мың АҚШ долларын (83 601 000 теңге) тапты.

Кеден қызметкерлерінің айтуынша, ақша иелері кедендік тексеру кезінде оларға қарсылық білдіріп, кедергі келтірген.

Құқық бұзушыларға қатысты жинастырылған материалдар ҚР ҚК 234-бабы бойынша қылмыстық істер қозғау жөнінде шешім қабылдау үшін Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, ҚР Ұлттық банктің белгілеуі бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасын елден тысқары алып шығуға тыйым салынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді