Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы 8 желтоқсанда реттеушілер АҚШ Қаржы министрлігінің бөлімшесі — Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) хат алды.
Онда америкалық ведомство "МИР" жүйесінің банк карталарын жеке тұлғалардың, атап айтқанда Ресейден Қазақстанға қоныс аударған азаматтардың күнделікті операциялар жүргізу үшін пайдалануына қарсылық білдірмейтіні жазылған.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Хатта "бұл төлем жүйесімен жасалатын операциялар Ресейге қарсы санкцияларды айналып өту үшін оны пайдалануға жол бермеу мақсатында ерекше бақылауда қалатыны" атап өтілген.
"Қазақстан Республикасының аумағында "МИР" жүйесінің төлем карталарын пайдалану мүмкіндіктері туралы түсіндіру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандық банктердің өкілдерімен кездесу өткізді".Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Осылайша, Агенттік өкілдері атап өткендей, "қазақстандық банктер "МИР" карталары бойынша төлемдерді, аударымдарды қабылдауға, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін банкоматтар арқылы қолма-қол ақша беруді іске асыруға құқығына ие болды".
"Бұл ретте, "МИР" жүйесіне қосылу туралы шешімді қазақстандық банктер өздерінің даму стратегиялары мен тәуекелдерді бағалаудың ішкі жүйелері негізінде дербес қабылдайды".
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
2022 жылғы 21 қыркүйекте қазақстандық бірнеше банкте "Мир" жүйесінің төлем карталарымен операциялары шектелгені мәлім болды.