Қазақстанда 5,3% адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз

Сурет: Zakon.kz
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2022 жылдың үшінші тоқсанында 5,3% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша кедейлік қаупіне үй шаруашылығының көлемі қатты әсер етеді. 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 9,3% болды. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен екі есе жоғары.

20 жылда елдегі кедейлік деңгейі 9 есеге жуық азайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2001-2021 жылдар аралығында Қазақстанда кеделік деңгейі өткен жылдың қазан айында 46,7%-дан 5,2%-ға дейін төмендеген.

Сонымен қатар бюроның мәліметінше, жұмыссыздар саны 2022 жылғы қарашадағы есеп бойынша 451,5 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9%-ына тең.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы қарашаның соңына 221,9 мың адам немесе жұмыс күшінің 2,4%-ына тең болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті