Жеңілдікті автонесие қаңтар айында іске қосылады деп жоспарланып отыр

Сурет: freepik
Қазір банктер бұрыннан бар автокөлік несиелерін өтеуден түсетін төлемдерді жинақтап жатыр. 2023 жылдың қаңтар айының екінші жартысында револьверлік механизм негізінде жеңілдікті несиелер беруді бастау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар 2023 жылдан бастап жеңілдетілген автонесие бойынша барлық қолданыстағы бағдарламалардың шарттары бірыңғайланады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Даму банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Азаматтарға ыңғайлы болу, тең жағдайларды қамтамасыз ету және халықты көбірек қамту үшін екі қолданыстағы бағдарламаның оңтайлы нұсқалары пайдаланылады.

Бұл тәсіл қазақстандықтарға біркелкі және ашық ережелерге сәйкес отандық өндірістің жаңа көліктерін сатып алуға көбірек қаражат ұсынады.

Орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта Қазақстанның Даму банкі ұсынған бағдарлама бойынша қаражаттың бір операторын қалдыру жоспарда.

"Іске қосу күніне екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі - шамамен 13 млрд теңге. Бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты ай сайын бөлу жоспарланып отыр".ҚДБ баспасөз қызметі


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды